«Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 308 бұйрығы
«Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 308 бұйрығы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 609-614 (27687) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларында:
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) оқу-әдістемелік құрал (бұдан әрі - ОӘҚ) - оқыту пәнін, оның тарауын, бөлігін оқыту және меңгеру немесе тәрбиенің әдістемелері бойынша материалдарды қамтитын оқу басылымының түрі;»;
мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) бірыңғай базалық оқулық - бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда міндетті түрде пайдаланылатын оқулық.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа