«Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығына 6-қосымша) (2018.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 217 бұйрығына
6-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № ҚР ДСМ-39/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.23.10. № ҚР ДСМ-28 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.23.10. № ҚР ДСМ-28 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап - 7 (жеті) жұмыс күні.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.23.10. № ҚР ДСМ-28 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.23.10. № ҚР ДСМ-28 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Документ утратил силу
Демо – версия документа