«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 83 бұйрығы (күші жойылды)
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 83 бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 192 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11745 тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Документ утратил силу
Демо – версия документа