«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 және «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 66 Қаулысы
«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 және «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 66 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында:
2-тарауда:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге, Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы ақша жөнелтуші немесе ақша алушы болып табылатын резидент уәкілетті банкке осы төлем және (немесе) ақша аударымы туралы ақпаратты валюталық бақылау органдарына және құқық қорғау органдарына беруге рұқсат беру туралы мәліметтер болған кезде жүзеге асырылады.
Осы рұқсат еркін нысанда ресімделеді. Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге, Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін валюталық операцияларды жүзеге асыруға негіз болатын валюталық шарт шеңберіндегі валюталық операциялар бойынша барлық төлемдерге және (немесе) ақша аударымдарына қатысты бір рұқсат беруге жол беріледі.»;
Демо – версия документа