«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 262 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 262 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналардың Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып:
1) Халықаралық Валюта Қорының:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Асқарбекұлы Досаев (келісу бойынша),
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржывице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил;
2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әсет Арманұлы Ерғалиев, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров;
3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Асханұлы Смайылов, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил;
Демо – версия документа