«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерініңь күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 492 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерініңь күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 492 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілген жағдайда, төтенше жағдайдың тиісті түрі саласындағы орталық уәкілетті орган заңнамаға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есеп-қисаптармен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады. Бұл ретте орын алған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай өңірлік немесе жаһандық ауқымда не егер авария, зілзала немесе апаттың салдарынан төтенше жағдай аймағы 15000-нан астам адамның тыныс-тіршілік жағдайларын бұзып, бір қалалық елді мекеннің аумағын қамтыса, жергілікті ауқымда болуға тиіс.»;
13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа