Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 234 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 186 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 19 наурыздағы

№ 234 бұйрығымен

бекітілген

 

 

«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) тамақ өнімдерін өндіретін, өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілерін жобалауға, салуға, реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, жөндеуге және пайдалануға, сондай-ақ оларды тұтыну үшін орын беруге байланысты сауда қызметімен айналысатын, ведомстволық тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға арналған.

2. Осы Санитариялық қағидалар:

1) құрылысқа жер учаскесін таңдау;

2) жобалау, салу, реконструкциялау, қайта жабдықтау;

3) сумен жабдықтау, су бұру, жылыту, жарықтандыру және желдетуді ұйымдастыру;

4) үй-жайларды, жабдықтарды ұстау;

5) тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау, өлшеп-орау және өткізу;

6) өндірістік бақылауды ұйымдастыру;

7) тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, персоналды медициналық қарап тексеру, гигиеналық оқыту кезінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.

3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1) азық-түлік (тамақ) шикізаты - тамақ өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын жануардан, өсімдіктен, микробиологиялық, минералдық, жасанды немесе биотехнологиялық жолдармен алынатын өнімдер және ауыз су;

2) аспаздық бұйымдар - термиялық өңдеуден өткен және тікелей тамаққа тұтынуға арналған тамақ өнімдері;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку