Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19-1/441 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 150 бұйрығы

«Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19-1/441 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 150 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19-1/441 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11811 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiтуқағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Су объектiлерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердің нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарын ескере отырып, шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде су объектiлерiне ШЖЗӘ-нiң нормативтерi мыналар ретінде анықталады:

1) су ресурсын жол берілетін шекті алу - антропогендік әсер ету кезінде экожүйеге залал келтірместен уақыт бірлігінде су объектісінен ағысты алудың жол берілетін көлемін білдіретін шекті шаманың мәні;

2) су объектісіне химиялық заттардың шекті жол берілетін түсуі - уақыт бірлігіндегі зиянды химиялық заттардың су объектілеріне түсуінің шекті жол берілетін массасы мен шоғырлануын білдіретін мәні болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:

«7-1. Су ресурсын шекті жол берілетін алу мына формула бойынша есептеледі:

мұнда:

Wалу - экожүйе үшін залал келтірмей су объектісінен алуға жол берілетін, ағыс ретінде айқындалған су ресурсын шекті жол берілетін алу (текше километр (бұдан әрі - км3/жыл));

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку