«Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы29 мамырдағы № 673 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 805 бұйрығы (күші жойылды)
«Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы29 мамырдағы № 673 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 805 бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 515 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-1-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап (бұдан әрі - бас тарту).
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсыну болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылы) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
Документ утратил силу
Демо – версия документа