«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 261 бұйрығы
«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 261 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:
221-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«221. Заңның 92-1-баптың 2-тармағы 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалардың негізінде атқарушылық жазба, егер шартта өзге мекенжай көрсетілмесе, борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша, заңды тұлға борышкер болып табылған жағдайда, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының тұрған жері бойынша жасалады.
Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде тұратын немесе тіркелген ортақтас борышкерлерге қатысты атқарушылық жазба өндіріп алушының таңдауымен борышкерлердің бірінің мекенжайы бойынша жасалады.
Аталған талаптар бойынша атқарушылық жазбаны нотариус оның үй-жайы орналасқан жеріне сәйкес нотариаттық палатамен айқындалған оның қызмет ету аумағы бойынша жасайды.
Демо – версия документа