«Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 962 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 962 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері»;
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жазалауларды орындау;»;
орталық аппараттың функцияларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құқық бұзушылық профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күрес, қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жазалауларды орындау салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;»;
мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
Демо – версия документа