«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 296-НҚ бұйрығы
«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 296-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:
39) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«39) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда саясатын қалыптастыратын, сауда қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
мынадай редакциядағы 63-1), 63-2), 63-3), 63-4), 63-5), 63-6), 63-7), 63-8), 63-9), 63-10), 63-11), 63-12), 63-13), 63-14), 63-15) және 63-16) тармақшаларымен толықтырылсын:
«63-1) вендинг автоматы – тауарларды сатуды жүзеге асыратын автоматтандырылған құрылғы және тамақ өнімдерін автоматты түрде дайындауға, автоматтандырылған жүйелердің көмегімен сатушының қатысуынсыз өткізуге арналған аппарат;
63-2) көрсетілетін қызмет – тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелері материалдық сипатта болмайтын қызмет;
63-3) Қазақстан Республикасының шекара маңының аумағы – Қазақстан Республикасы шекара маңының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің аумағы;
63-4) қойма аймағы – қойма үй-жайлары, сондай-ақ осы қойма үй-жайларына қызмет көрсету үшін қажетті объектілер мен құрылғылар орналасқан ірі сауда объектісінің аймағы;
Демо – версия документа