Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 636 бұйрығы

«Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 636 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2018 жылғы 28 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«75.Салық төлеуші үшін жеке шотта көрсетілген салық міндеттемесін орындау күні деп:

1) қолма-қол ақшасыз төлемді жүзеге асыру кезінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салықтар мен бюджетке төлемдерді төлеуге төлем тапсырмасын, банкоматтар арқылы төлеу күнін немесе электрондық терминалдар арқылы орындауға алған күні;

2) бюджетке қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда - банктерге немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, уәкілетті органдарға, жергілікті атқарушы органдарға салық төлеуші (салық агенті) ақша енгізген күн;

3) есепке жатқызуды жүргізу күні есептеледі.»;

77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«77. Алшақтықтар мен қателіктер фактісі анықталған жағдайда есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлға қате төленген салықтың, бюджетке төленетін төлемнің сомаларының туындау себептері туралы хаттама (бұдан әрі- қателер бойынша хаттама) жасайды.

Қателер бойынша хаттамада төлем құжатының күні мен нөмірі, сомасы, көрсетілген сома жатқызылуы тиіс болған бюджет жіктемесінің коды, көрсетілген сома жатқызылуы тиіс болған бюджет жіктемесінің коды көрсетіле отырып, қателердің себебі көрсетіледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку