«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 1324 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 1324 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерту енгізілсін:
1) «Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10753 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларында:
38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Электрондық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте электрондық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірмей басталады.
39. Электрондық аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукциондық нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді және лот үшін бастапқы бағаны ескере отырып, бірақ Сату жоспарында белгіленген кезіндегі ең төмен бағадан төмен болмайтын өзінің баға ұсынысын көрсетеді.
Электрондық аукцион электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақытында басталады.»;
42-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) егер электрондық аукцион аяқталатын сәтте Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаған болса, онда лотты сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады.»;
Демо – версия документа