«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы» 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 45 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы» 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 45 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 қаулысында:
көрсетілген қаулымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексінде:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттары» деген 1-бөлімде:
«Үкімет Қордың акционері ретінде» деген 1-тарауда:
6-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қордың Директорлар кеңесінің құзыреті Қор туралы заңға сәйкес айқындалады. Қордың Директорлар кеңесі Қордың жалғыз акционері сайлайтын төраға мен мүшелерден тұрады. Тәуелсіз директорларды қоса алғанда, Директорлар кеңесінің мүшелеріне қатысты осы Кодекстің «Директорлар кеңесінің және атқарушы органның тиімділігі» деген 5-тарауының талаптары Қор туралы заңға және Қордың жарғысына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа