Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 20 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 20 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12073 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-22) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Оларды берген сәттен бастап төменде көрсетілген құжаттарға мынадай қолданылу мерзімі белгіленеді:

ұшуға жарамдылық сертификаты - бір жыл;

шу бойынша сертификат - мерзімсіз;

экспорттық сертификат - күнтізбелік отыз күн;

арнайы ұшуды орындауға рұқсат (ұшуға жарамдылығының арнайы сертификаты) - күнтізбелік отыз күн;

радиотаратқыш аппаратураны пайдалануға рұқсат - мерзімсіз;

шет мемлекет берген азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын жарамды деп тану туралы шешім (бұдан әрі - сертификатты тану туралы шешім) - шет мемлекет берген азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық сертификатында көрсетілген мерзім.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку