«Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 277 бұйрығы (күші жойылды)
«Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 277 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 202 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына 2-тармағының сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10941 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мұнай өнімдерін өндіруші - меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) инвестициялық бағдарламаның қаржы-экономикалық бөлігін іске асыру туралы есепті табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға жартылдық есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей жартыжылдық негізде ұсынады;»;
20-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа