«Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 753 Жарлығының және «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 25-тармағының күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 753 Жарлығының және «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 25-тармағының күші жойылды деп тану туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 675-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесі туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеңестің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі - Қор) пайдалану және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне жәрдем көрсету және ұсынымдар әзірлеу болып табылады.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
Демо – версия документа