«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 және «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 247 Қаулысы (2023.24.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 және «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 247 Қаулысы
(2023.24.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 100-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жекешелендіру объектілерін аукцион мен тендер, жабық тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықтарда, сондай-ақ тікелей атаулы сату арқылы сату, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді.»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:»;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ағымдағы баға - жекешелендіру объектісінің бағаны көтеру аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы немесе бағаны төмендету аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын жарияланған баға;
2) алғашқы баға - тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің негізінде айқындалатын және мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейтін жекешелендіру объектісінің бағасы;»;
20) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа