«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 182 бұйрығы
«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 182 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 7 тамыз № 184 санында (28123)) жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:
1-тармақ мынадай редакцияда 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) арнайы бөбекжай;
7) арнайы балабақша.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдары:
1) білім беру деңгейі бойынша:
бастауыш мектеп;
негізгі орта мектеп;
жалпы орта білім беретін мектеп;
2) оқыту бейіні бойынша:
гимназия;
лицей;
бейіндік мектеп (жоғары мектеп);
3) оқуды ұйымдастыру жағдайы бойынша:
шағын жинақты мектеп;
тірек мектеп (ресурстық орталық);
түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектеп;
кешкі мектеп;
девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы;
ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы;
аурухана жанындағы мектеп;
4) халықаралық:
халықаралық мектеп;
5) интернаттық ұйымдар:
мектеп-интернат;
әскери мектеп-интернат;
жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;
тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат;
көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат;
санаториялық мектеп-интернат.
6) біріктірілген:
«мектеп-бөбекжай» кешені;
«мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені;
«бастауыш мектеп - бөбекжай - балабақша»;
мектеп-гимназия;
мектеп-лицей;
қосымша білім беру мектеп-орталығы;
мектеп-интернат-колледж;
оқу-сауықтыру орталығы (кешен);
оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық);
оқу-тәрбие орталығы (кешен);
оқу орталығы;
дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы;
Демо – версия документа