«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 1179 бұйрығы (2024.08.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 1179 бұйрығы
(2024.08.10. берілген өзгерістермен)
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13004 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Учаскелік инспектор және оның көмекшісі:
1) рецидивтік, тұрмыстық, алкогольдік қылмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасын, оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауды жүзеге асырады;
2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз етеді;
3) ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарға (бұдан әрі - профилактикаланатын адамдар) қатысты құқық бұзушылықтарға жеке профилактика жүргізеді;
4) әкімшілік учаскеде маңызы бар ақпаратты жинауды жүзеге асырады және оны ІІО-ның мүдделі бөліністеріне, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға береді;
5) қылмыстық теріс қылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды, оларды жоюға бағытталған шараларды қабылдайды;
Демо – версия документа