«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 701 бұйрығы
«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 701 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аң аулау – аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi;
2) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – ведомство).»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында рұқсат алу үшін «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-комуникациялық инфрақұрылымның операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Демо – версия документа