Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «QAZINDUSTRY» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ ОР...

«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 469 Қаулысы

(2019.29.07. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2019.29.07. № 546 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2019.29.07. № 546 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы болып айқындалсын.

2. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 294-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 31) - 42) тармақшаларымен толықтырылсын:

«31) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету жөнінде iс-шаралар жүргiзу;

32) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларын тіркеу, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын қаржыландыру және дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының қатысушыларымен (акционерлерімен), басқарушы компанияларымен, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасасу;

33) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку