(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ РҰҚСАТ БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТ...
Осы редакция 2019 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 640 бұйрығына 5-қосымша
«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.02.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.02.05. № 296 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.02.05. № 296 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Жарылғыш жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Жарылғыш жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11363 тіркелген) бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде әзірленді және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Аумақтық департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.02.05. № 296 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру немесе стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру электронды нысанда.
Редакция документа
Демо – версия документа