Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі туралы ережені, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің жұмысын ұйымдастыру және мемлекеттік фельдъегерлік байланыстың көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік фельдъегерлік байланыстың көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылар тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 997қбп қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 9 Қаулысы (2023.02.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі туралы ережені, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің жұмысын ұйымдастыру және мемлекеттік фельдъегерлік байланыстың көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік фельдъегерлік байланыстың көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылар тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 997қбп қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 9 Қаулысы

(2023.02.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының мәселелерi»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 79 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты туралы ереже;»;

3-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі», деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.»;

7-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты» деген сөздермен ауыстырылсын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции