(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БУХГАЛТЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ҰЙЫМЫН АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУ...
Осы редакция 2018 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2016.18.02. № 72 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 394 бұйрығына 1-қосымша
«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.18.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Нормативтік құқықтық актілері тізілімінде № 11362 болып тіркелген «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету www.e.gov.kz «электрондық үкімет», www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу, бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру (бұдан әрі - куәлік) болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдары) бастау үшін негіз болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа