(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨНДІРІСТІК МАҚСАТТАҒЫ ҒИМАРАТТАРҒА ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАРҒ...
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 ақпандағы
№ 174 бұйрығымен
бекіткен
Осы редакция 2020 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды жобалауға, салуға, реконструкциялауға және пайдалануға, оларда жұмыс істейтін адамдардың жұмыс орындарына, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетілуіне, медициналық қамтамасыз ету мен тамақтануына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мыналарды:
1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын талаптарды;
2) өндірістік ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын талаптарды;
3) өндірістік объектілердегі технологиялық процестерге және жабдықтарға қойылатын талаптарды;
4) өндірістік объектілерді жылытуға, жарықтандыруға, ауасын желдетуге және баптауға қойылатын талаптарды;
5) сумен жабдықтауға, су бұруға және өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын талаптарды қамтиды.
3. Санитариялық қағидалар жерасты құрылыстарын және кен қазбаларын, сондай-ақ жұмыс мерзімі бес жылға дейін құрылыс кезеңінде тұрғызылатын уақытша өндірістік ғимараттарға және құрылыстарға қолданылмайды.
4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
Редакция документа
Демо – версия документа