Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 қазандағы № 890 Қаулысы

«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 қазандағы № 890 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасында:

2-тармақта:

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) кепілдік жарна - сауда-саттық немесе өзге де міндеттемені орындау кезінде шарт жасасу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін кепілдік жарнаны төлеуші кепілдік жарнаны алушыға беретін ақша сомасы;»;

мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) қатысушының ақшалай балансы (бұдан әрі - электрондық әмиян) -екінші деңгейдегі банктегі бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына әлеуетті қатысушы құйған:

екі кезеңді рәсімдер арқылы өтетін конкурсты қоспағанда, аукцион, тендер және жабық тендер нысанындағы сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарналарды қабылдауға;

осы Қағиданың 23-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілдік жарналарды қайтаруға байланысты ақша қаражатын есепке алу үшін бірыңғай оператор пайдаланатын тізілімдегі әлеуетті қатысушының жеке шоты;»;

24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«24) тізілімнің веб-порталы - www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі - тізілім) сату объектілері жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару Заңда және осы Қағидада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органының ұсынысы бойынша жекешелендіру объектілері осы Қағиданың 5, 7 және 9-тарауларына сәйкес:

1) жабық тендер нысанындағы сауда-саттықта;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку