«Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 29 бұйрығы
«Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 29 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16601 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 97-бабы 2 және 7-тармақтарына, 100-бабының 2-тармағына, 101-бабының 7-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жеке шоттарын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 97-бабы 2 және 7-тармақтарына, 100-бабының 2-тармағына, 101-бабының 7-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және салық төлеушілердің (салық агенттерінің) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) жеке шоттарын жүргізу және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарында (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді есепке алу тәртібін, оның ішінде:
1) «Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме беру»;
2) «Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру»;
Демо – версия документа