«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 693 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 693 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс.»;
17) және 18) тармақшалар алып тасталсын;
85) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«85) Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын әзірлеу және бекіту;»;
14-тармақта:
90) және 91) тармақшалар алып тасталсын;
Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. «Селденқорғау құрылыс» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 55) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 55) тармақшасы алып тасталсын;
Демо – версия документа