«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 605 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, стратегиялық жоспарлау, реформалар жүргізу салаларында және мемлекеттік статистика саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Агенттіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6.»;
13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жетілдіру;»;
1) тармақшада:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші органдарды, оның ішінде кәсіптік біліктілікті дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру мақсатында кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді, сондай-ақ ведомствоаралық жұмыс топтарын, сараптама комиссияларын құру;»;
оныншы және он бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа