«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 611 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 611 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12073 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім және осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес «Әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Ұшу жарамдылығы сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.
Құжаттар топтамасымен ұсынылатын әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісі және әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын анықтау (бұдан әрі – тексеру актісі) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Ұшу жарамдылығы сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.
Демо – версия документа