«Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 544 бұйрығы
«Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 544 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20123 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларында және одан өту шарттарында, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ІІМ ведомстволарының, ІІМ қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және оның ведомстволарының кадр қызметіне жүктеледі және өзіне бірқатар іс-шараларды қамтиды:
1) ақпараттық-ұйымдастырушылық;
2) кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын, оның ішінде электрондық форматта қабылдау;
3) кандидат туралы мәліметтерді зерделеуі;
4) қызметке жарамдылығын анықтау және полиграфологиялық зерттеу үшін кандидаттарды ІІО әскери-дәрігерлік комиссияларына (бұдан әрі – ӘДК) медициналық куәландыруға жіберу;
5) кандидаттардың жеке істерін қалыптастыруы;
6) алғашқы кәсіптік даярлыққа кандидаттарды іріктеуді жүргізу;
7) іріктелген кандидаттарды ІІМ білім беру ұйымдарына алғашқы кәсіптік даярлыққа жіберу.»;
8-тармақтың 11) тармақшасы алып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа