Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 509 бұйрығы

«Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 509 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33048 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:

«5-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу кезінде «ақылмен реттеу» және Agile қағидаттарын қолдану

79. Осы тараудың ережелерін қолдану мақсатында «ақылмен реттеу» деп құқықтық саясаттың мынадай қағидаттарын қолдану түсініледі:

1) ақылға қонымды реттеу;

2) ашық реттеу;

3) дәлелдемелік реттеу;

4) нәтижелі реттеу;

5) адам құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

80. Ведомстволық реттеу саласындағы ақылға қонымды реттеу деп мыналар түсініледі:

1) қоғамдық қызметті реттеу қоғамдық өмірде туындайтын мәселелерді шешу кезінде ең соңғы шара ретінде қолданылады, себебі реттеушілік шаралардың ақылға қонымды шектен асып кететін саны оның адресаттары үшін реттеушілік ауыртпалық туғызады;

2) әзірлеуші алдында тұрған міндеттерді шешу кезінде, ең алдымен реттеушілік араласумен байланысты емес балама тәсілдерді іздеу маңызды;

3) реттеушілік шараларды енгізу қажет болса, олар болжанатын мақсаттарға қол жеткізу үшін қолайлылығы және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін барынша төмен дәрежеде шектеу тұрғысынан зерделенеді;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку