Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КОНЦЕССИЯ ШАРТТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ, КОНЦЕССИЯЛЫ...

Осы редакция 2018 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 157 бұйрығына

3-қосымша

 

 

Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық

жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау

қағидалары
(2015.15.09. берілген өзгерістермен)



1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 7-8)-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағидалар концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың мониторингі мен олардың іске асырылуын бағалау тәртібін айқындайды.

 

 

2. Концессия шарттарының мониторингін жүргізу тәртібі

 

3. Республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингі ақпарат жинау, концессия объектісін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану және қолдану және тиісінше жай-күйде сақтау бөлігінде жай-күйді талдау, бағалау және болжамдау жүйесін білдіреді.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.15.09. № 637 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Концессия шарттарының мониторингін:

республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

5. Концессия шарттары мониторингінің міндеттері:

1) концессия объектілерін басқару тиімділігін талдау, сондай-ақ мемлекеттік мүліктің жай-күйін бағалау;

2) концессияға берілген мемлекеттік мүлікке залал келтіретін нысаналы емес пайдалану жағдайларының алдын алу, қажет болған жағдайда мемлекеттік мүлікті тиімді басқару бойынша ұсынымдар әзірлеу;

3) мониторинг объектісінің техникасы мен технологиясының жай-күйін және олардың даму перспективаларын сараптамалық бағалау;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку