«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 9-1/320 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 9-1/760 бұйрығы (күші жойылды)
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 9-1/320 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 9-1/760 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 бұйрығымен күші жойылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 9-1/320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10763 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларында:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) оператор - «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;
33, 34-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Қаржы институты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін және жылдың аяғында 10 желтоқсанға дейін (1 желтоқсандағы жағдай бойынша ақпарат) операторға қаржы институты растаған арнайы банктік шоттан үзінді-көшірмені қоса бере отырып есептілік ұсынады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа