Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ 2015.20.05 № 396 ...

Осы редакция 2016 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 20 мамырдағы

№ 396 бұйрығына 2-қосымша

 

 

 «Тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға және (немесе) экспорттауға рұқсат беру»

мемлекеттiк көрсетілетін регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11079 нөмірімен тіркелген «Тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға және (немесе) экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) қызмет беруші;

2) www.еliсеnse.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға және (немесе) экспорттауға рұқсат беру.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алуға өтініш білдірген жағдайда, лицензия электрондық нысанда рәсімделіп, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталады және оған қызметті берушінің басшысы қол қояды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку