«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 613 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 613 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы ңұсқаулықта:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы комиссиялар мен жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылады және таратылады.
6. Комиссияның құрамы және қажет болған жағдайда ол туралы ереже, сондай-ақ жұмыс тобының құрамы, оның функциялары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен айқындалады.
Бекітілген лауазымдық құрам негізінде комиссияның дербес құрамы хаттамалық шешіммен айқындалады.»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа