Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕЛЕГЕН ҚАРУ ТҮРЛЕРIНIҢ АЙНАЛЫМЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БА...

«Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 Қаулысы

(2016.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесi;

2) ҚР Үкіметінің 2016.04.02. № 53 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын құру ережесi;

4) ҚР Үкіметінің 2016.04.02. № 53 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен оны жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi жарақат салатын тегіс ұзын ұңғылы атыс, ұңғысыз атыс және газ қаруларының патрондарына медициналық-биологиялық және химиялық-аналитикалық сынақтар жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн.

4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша бір айлық мерзiмде, «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды бергенi үшiн бір жолғы алым мөлшерлерiн бекіту туралы, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын енгiзсiн.

5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi бір айлық мерзiмде, өзiн-өзi қорғау - жарақат салатын патрондары бар тегiс ұзын ұңғылы атыс, жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар ұңғысыз атыс қаруының зақымдағыш факторларының адамға әсер етуiнiң рұқсат етiлетiн нормаларын әзiрлесiн және бекiтсiн.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку