(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ YКІМЕТІНІҢ 2001 ЖЫЛҒЫ 31 ҚАҢТ...
Қазақстан Республикасы?кіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және
2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 1 шілдедегі № 635 қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығының 2-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
1) «Кейбiр нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта:
22-тармақтың екiншi абзацында «заң жобалары» деген сөздердiң алдынан «Үкiмет Регламентiнiң 63-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын;
2) «Қазақстан Республикасы Үкiметінің Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
көрсетiлген - қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiнде:
31-тармақтың 1) тармақшасы «Үкiмет» деген сөздiң алдынан «осы Регламенттiң 62-1 және 62-2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын;
62-баптың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Президенттiң, соның iшiнде Үкiметтiң бастамасы бойынша заң жобаларын шұғыл немесе басым деп жариялау Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығымен бекітілген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 62-1, 62-2 және 62-3-тармақтармен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа