(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨР...
Осы редакция 2018 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.10.07. № 496 бұйрығымен 5-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 cәуірдегі
№ 294 бұйрығына 4-қосымша
«Медициналық қызметке лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.10.07. № 496 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.10.07. № 496 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.27.01. № 55 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.10.07. № 496 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Редакция документа
Демо – версия документа