(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 30 ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқcандағы № 289 өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 наурыздағы № 388 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2009 жылы республикалық бюджетті нақтылау кезінде:
1) мыналарға:
көлік құралдарын сатып алуға;
қызметтік ғимараттарға және үй-жайларға күрделі жөндеу жүргізуге;
қымбат тұратын кеңсе жиһазын сатып алуға арналған шығыстарды оңтайландыруды қамтамасыз етуді;
2) мыналар:
іс-шаралар (мерейтойлар мен салтанат) өткізу;
Астана қаласында кеңестер, семинарлар өткізу;
республикалық бюджет қаражаты есебінен лауазымды тұлғаларды шетелге іссапарға жіберу жөніндегі шығыстарды қысқартуды ескерсін.
2. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар заңнамада белгіленген тәртіппен 2009 жылға арналған қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларына (даму жоспарлары) өзгерістер енгізуді, оның ішінде:
1) мыналарға:
көлік құралдарын сатып алуға;
қызметтік ғимараттар мен үй-жайларға күрделі жөндеу жүргізуге;
қымбат тұратын кеңсе жиһазын сатып алуға арналған шығыстарды алып тастауды;
2) мыналарға:
лауазымды тұлғаларды, қызметкерлерді шетелге іссапарға жіберуге;
іс-шаралар (мерейтойлар мен салтанат) өткізуге;
Астана қаласында кеңестер, семинарлар өткізуге арналған шығыстарды қысқартуды қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа