«Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 139 бұйрығы (күші жойылды)
«Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 139 бұйрығы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 188 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 болып тіркелген, 2015 жылы 24 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 146 бұйрығына
3-қосымша»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа