«2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 745 Қаулысы
«2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 745 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2017 жылға мынадай:
1) кірістер - 9 609 031 675 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 4 810 958 061 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 140 197 027 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 604 797 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 4 656 271 790 мың теңге;
2) шығындар - 10 699 154 599 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 200 057 736 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 282 483 824 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 82 426 088 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 195 718 279 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 195 718 279 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -1 485 898 899 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiміне қатысты 2,9 пайыз;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 485 898 899 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.»;
мынадай мазмұндағы 5-4) және 5-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-4) осы қаулыға 5-4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
Демо – версия документа