2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттама (Мәскеуде, 2023 жыл 25 мамыр)
Бейресми аударма
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
(Мәскеуде, 2023 жыл 25 мамыр)
ҚР 2024 жылғы 27 мамырдағы № 88-VIII Заңымен ратификацияланды
2024 жылғы 7 маусымда күшіне енді
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 20-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Одақ органдарының қызметін қаржыландыру, сондай-ақ осы Шарттың 92-бабында көзделген тәртіппен мүше мемлекеттер өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асырған кезде Комиссияның қаржылай жәрдем көрсетуі Одақ бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Одақ бюджетінің қаражатын қалыптастыру және жұмсау тәртібі Еуразиялық экономикалық одақ бюджеті туралы ережеде айқындалады.»;
2) 92-баптың 9-тармағының 1) тармақшасындағы «өнеркәсіптік кооперацияны» деген сөздерден кейін «Оның ішінде осы Шартқа № 27 қосымшаға сәйкес өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыру арқылы ынталандыру» деген сөздермен толықтырылсын;
3) Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттама (көрсетілген Шартқа № 27 қосымша) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Тізбесін Үкіметаралық кеңес айқындайтын өнеркәсіп салаларында мүше мемлекеттердің бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруын қолдау мақсатында Комиссия Кеңесі оларды Одақ бюджетінің қаражаты есебінен оларды іске асыруға қаржылай жәрдем көрсету туралы шешім қабылдай алады.
Демо – версия документа