«Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 472 Қаулысы
«Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 472 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 404-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) заңнамалық акт - Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, конституциялық заң, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің қаулылары;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Конкурс мынадай заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын беру мақсатында өткізіледі:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
2) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары;
3) Қазақстан Республикасының кодекстері;
4) Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары, Қазақстан Республикасының заңдары;
5) Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің қаулылары.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу тәртiбi»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа