«Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 662 Қаулысы (күші жойылды)
«Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 662 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 150 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) туристік маршрут (бұдан әрi - маршрут) - туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік қызмет объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;»;
мынадай редакциядағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) экологиялық туризм - табиғи объектілермен және дәстүрлі мәдениеттермен олардың копоненттерін жоймай және алып қоймай танысу мақсатында және жақын маңдағы елді мекендерде тұратын азаматтардың Кәсіпкерлік қызметін дамытуға ықпал ететін табиғи жерлерге саяхат.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа