«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 213 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 213 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32237 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына:
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Үлгілік біліктілік талаптарына мыналар жатады:
1) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы білім деңгейі бойынша талаптар.
Ротациялауға жататын орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық немесе аумақтық бөлімшелері басшыларының, облыстық және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволар басшыларының орынбасарларының лауазымдары үшін сол салада кемінде он екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы талап етілмейді.
Бұл ретте, ротациялауға жататын олардың орынбасарлары үшін сол салада кемінде он жыл практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы талап етілмейді.
2) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді орындау үшін қажетті құзыреттер, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өткені туралы жарамды сертификаттың, сондай-ақ қажет болған жағдайда белгілі бір саладағы біліктілікті растайтын сертификаттың болуы бойынша талаптар (бұдан әрі-құзырет).
Демо – версия документа