«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 қыркүйектегі № 662 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы ережеде: 5-тармақтың екінші бөлігінде «, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен» деген сөздер алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Комиссияның қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі жүзеге асырады.
Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі адам құқықтары мен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау мәселелері құзырында болатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарына ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетеді.»;
Демо – версия документа