«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 286 бұйрығы (күші жойылды)
«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 286 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 36 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6774 болып тіркелген, 2011 жылғы № 3 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде:
1 және 2-тараулардың атаулары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2-тарау. АҰЕ негізгі функциялары»;
көрсетілген ережеге 3-қосымшада:
1, 2 және 3-тараулардың атаулары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2-тарау.Үдеріске қатысушылардың өзара іс-қимылы»;
«3-тарау.«Бекітілген халық тіркелімі» порталында халықты тіркеу»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Құрылымында перинаталдық орталығы (перзентханалық бөлімше) бар денсаулық сақтау ұйымының жауапты адамы бала туғаннан кейін 1 тәуліктен кешіктірмей БХТ порталында № 907 бұйрықпен бекітілген нысандағы туу туралы медициналық куәлікті тіркеуді, сондай-ақ ата-аналары туралы мәліметтерді (оның ішінде білім деңгейі және отбасының табыс көзі туралы мәліметтер) енгізуді жүзеге асырады;
Документ утратил силу
Демо – версия документа